Перейти к основному содержанию
Алғашқы жауапты алу үшін төрт қадам керек: пошта, хаттағы код, компания атауы және сұрақ. Бұл үшін карта, төлем және 1С қажет емес. Бұл бет Tungo-ға алғаш рет кіретіндерге арналған. Егер сізді әріптестеріңіз шақырса, Шақыруды қабылдау бетінен бастаңыз: компания қосу қадамы сізде өткізіліп кетеді.

Не қажет болады

Өзіңіз кіре алатын пошта керек. Tungo-да құпиясөз жоқ: оның орнына әр жолы код келеді. Тағы компанияңыздың құжаттардағыдай атауы қажет болады. 1С базасының мекенжайы мен 1С пайдаланушысы тек 1С-ті бірден қосқыңыз келсе керек. Мұны кейін де жасауға болады.

Кіріп, алғашқы сұрағыңызды қойыңыз

1

Поштаңызды көрсетіңіз

app.tungo.kz ашып, поштаңызды енгізіңіз де, Жалғастыру батырмасын басыңыз. Бөлек тіркелу жоқ: мұнда алғаш рет келсеңіз, аккаунт өзі пайда болады.Поштаның орнына Google, Apple немесе Telegram арқылы кіруге болады. Тәсілдердің айырмашылығы: Кіру тәсілдері және құрылғылар.
2

Хаттағы кодты енгізіңіз

Поштаңызға коды бар хат келеді. Кодты енгізіп, Кіру батырмасын басыңыз.Код 6 саннан тұрады, ол «Код входа в Tungo» деген тақырыппен хат болып келеді және 10 минут жарамды. Бір кодқа 5 әрекет беріледі, бесінші қате әрекеттен кейін жаңа код керек. Кодты бір минуттан кейін өріс астындағы Қайта жіберу сілтемесімен қайта сұрауға болады. Жаңа код келгенде бұрынғысы жарамсыз болады, сондықтан соңғы хаттағы сандарды енгізіңіз. Кодты тым жиі сұрасаңыз немесе енгізсеңіз, Tungo бірнеше минут күтуді сұрайды.Қызмет шарттары туралы терезе шықса, шарттарды ашып, оқып шығыңыз да, Қабылдаймын батырмасын басыңыз.
3

Компания қосыңыз

«Алғашқы компанияны қосыңыз» экранында атауын жазып, Компания қосу батырмасын басыңыз. Басқа ештеңе толтырудың қажеті жоқ.Tungo-дағы компания — бір фирма және оның бір 1С базасы. Бірнеше фирманың есебін жүргізсеңіз, қалғандарын кейін қосасыз.
4

1С-ті қазір қосу-қоспауды шешіңіз

Tungo «1С қосасыз ба?» деп сұрайды. Екі жолдың бірін таңдап, Әрі қарай батырмасын басыңыз.Әзірге 1С-сіз жолын таңдасаңыз, бірден чат ашылады. Онда салық бойынша жауаптар, есептеулер және файлдарды талдау болады, бір чатта бір сұрақтан. 1С қосу жолын таңдасаңыз, алдымен қосу қадамдары, содан кейін чат ашылады. Чат шектеусіз болады және есебіңізбен жұмыс қосылады: базадағы сандар және 1С-ке жазылатын құжаттар.Күмәндансаңыз, 1С-сіз бастаңыз. Базаны кез келген күні қосуға болады.
5

Сұрақ қойыңыз

Сұрақ өрісіне сұрағыңызды қарапайым сөзбен жазып, Enter басыңыз. Өрістің астында дайын кеңестер бар. Кеңес мәтінді өріске тек қояды, оны жіберетін — өзіңіз.
Чатта жауап пайда болса, бәрі дұрыс шықты. Заң бойынша сұраққа берілген жауаптың астында «Дереккөздер» блогы бар. Сол жақтағы мәзірде чатыңыз пайда болды, оған кейін оралуға болады, ал мәзірдің жоғарғы жағында компанияңыздың атауы тұр. Коды бар хат келмесе немесе код сәйкес келмесе, Кіру мүмкін болмай тұр бетін ашыңыз. Жауап болмаса немесе ол үзіліп қалса, ЖИ-бухгалтер жауап бермейді немесе жауап үзіліп қалды беті көмектеседі. «Тариф лимиті таусылды» хабары туралы Лимит таусылды бетінде айтылған.

1С әлі жоқ кезде не сұрауға болады

1С қосылмаған кезде ЖИ-бухгалтер заң бойынша жауап береді, есептейді және тіркелген файлдарды талдайды. Бұл кезде әр чатта бір ғана сұрақ қоюға болады: одан кейін сұрақ өрісінің орнына «1С-ті қосыңыз» блогы шығады. Тағы сұрау үшін Жаңа чат ашыңыз. 1С қосылған соң чатты қалағаныңызша жалғастыра аласыз. Мысалы, мынадай сұрақ қоюға болады:
  • «2026 жылы жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖШС қандай салықтар төлейді?»
  • «Айлықақы 350 000 ₸ болғанда қолға тиетін жалақыны есепте».
  • «Үшінші тоқсан үшін 300.00 нысанын қай күнге дейін тапсыру керек?»
Шот-фактураны немесе салыстыру актісін тіркеп, қателерін табуды сұрауға болады. Файл Файл тіркеу батырмасымен немесе өріске сүйреп әкелу арқылы қосылады. 1С-сіз ЖИ-бухгалтер есебіңізді көрмейді. «Сатып алушы бізге қанша қарыз» деген сұраққа ол жауап бермейді, құжатты 1С-ке жазу да мүмкін болмайды.

Әрі қарай