Перейти к основному содержанию
Tungo-да құпиясөз жоқ: сіз поштаңызды енгізіп, код аласыз. Кіруге қатысты мәселелердің көбі жаңа кодпен немесе дұрыс поштамен кіру арқылы шешіледі. Экранда көріп тұрған хабарды төменнен табыңыз. Бұл беттегі ұйым әкімшісі — Tungo-дағы ұйымыңызда «Иесі» немесе «Әкімші» рөлі бар адам. Кейбір хабарлар мен хаттар серверден тек орыс тілінде келеді. Мұндай хабарлар осы бетте экрандағыдай орысша, тырнақшада берілген, ал түсіндірмесі астында қазақша жазылған. Код 6 саннан тұрады, ол «Код входа в Tungo» деген тақырыппен хат болып келеді және 10 минут жарамды. Бір кодқа 5 әрекет беріледі, бесінші қате әрекеттен кейін жаңа код керек. Кодты бір минуттан кейін өріс астындағы Қайта жіберу сілтемесімен қайта сұрауға болады. Жаңа код келгенде бұрынғысы жарамсыз болады, сондықтан соңғы хаттағы сандарды енгізіңіз. Кодты тым жиі сұрасаңыз немесе енгізсеңіз, Tungo бірнеше минут күтуді сұрайды.

Хаттағы код

Код келмей жатыр

«Код входа в Tungo» хаты жіберілді, бірақ кіріс хаттарға жетпеді: спамға түсті, кешікті немесе жұмыс поштасының сүзгісі өткізбеді. Не болмаса мекенжайда қате бар.
  1. «Спам» қалтасын және экранда көрсетілген мекенжайды тексеріңіз. Мекенжай басқа болса, Поштаны өзгерту түймесін басыңыз.
  2. Қайта жіберу түймесі белсенді болғанша күтіп, оны басыңыз. Жаңа код келеді, алдыңғысы жарамсыз болады, сондықтан тек соңғы хаттағы сандарды енгізіңіз.
  3. Пошта жұмыс поштасы болса және хат спамда да жоқ болса, компанияңызда поштаға жауапты адамнан no-reply@tungo.kz жіберушісінің хаттарына рұқсат беруді сұраңыз. Бұл мекенжайға жауап жазуға болмайды, ол тек хат таратады.
  4. Поштаңыз Google немесе Apple-де болса, бірінші экранға оралып, Google арқылы жалғастыру немесе Apple арқылы жалғастыру түймесін басыңыз. Сол поштамен кірсеңіз, сол аккаунт ашылады.
Кодпен кіруді Telegram арқылы кірумен алмастырмаңыз: бұлай поштасыз бөлек аккаунт ашылады, онда компанияларыңыз болмайды.

«Код сәйкес келмейді»

Сандар қате енгізілген немесе сіз ескі хаттағы кодты енгізіп жатырсыз: код қайта жіберілген соң алдыңғысы жарамайды. Ең соңғы «Код входа в Tungo» хатын ашып, сондағы кодты енгізіңіз. Хат бірнешеу болып, қайсысы соңғы екені түсініксіз болса, кодты қайта жіберіп, жаңасын күтіңіз.

«Кодтың мерзімі өтті»

Код 10 минут жарамды, ал хат жіберілгеннен кодты енгізгенге дейін одан көп уақыт өтті. «Бұл кодқа қате әрекет тым көп» хабарында да шешім осындай: бірнеше рет қатарынан қате енгізілген соң код бұғатталды, бірақ аккаунт бұғатталған жоқ. Жаңа код сұрап, оны бірден енгізіңіз.

«Әрекеттер тым көп»

Қысқа уақыт ішінде кодты тым жиі сұрадыңыз немесе енгіздіңіз. Шектеу өзі алынады. Ештеңе баспай, бірнеше минут күтіңіз: әрбір жаңа әрекет күту уақытын ұзартады. Содан кейін кодты бір рет сұраңыз.

SSO арқылы кіру және ұйым ережелері

SSO — компанияңыздың кіру жүйесі арқылы кіру: сіз жұмыс поштаңызды енгізесіз, сонда компанияның кіру беті ашылады.

«Ұйымыңыз тек SSO арқылы кіргізеді»

Ұйым әкімшісі қызметкерлерге поштадағы кодпен және Google, Apple немесе Telegram арқылы кіруге тыйым салған. SSO арқылы кіру түймесін басып, жұмыс поштаңызды енгізіңіз де, компанияңыздың бетінде кіріңіз. Ол бет сізді кіргізбесе, бұл сұрақ ИТ-бөліміңізге: жұмыс есептік жазбасын Tungo емес, сол бөлім жүргізеді.

«Бұл поштаға SSO қосылмаған»

Мұндай домені бар поштаға SSO арқылы кіру бапталмаған. Көбіне жұмыс поштасының орнына жеке пошта енгізіледі. Жұмыс поштаңызды енгізіңіз. Ұйымыңызда SSO болмаса, артқа оралып, поштадағы кодпен кіріңіз.

«Бұл кіру тәсілі жабық»

Ұйым әкімшісі тек хабарда аталған кіру тәсілдерін қалдырған. Солардың бірімен кіріңіз. Сізге лайық тәсіл болмаса, ұйым әкімшісінен ережені өзгертуді сұраңыз.

Кіру мүлдем ашылмайды

«Кіру мүмкін болмады»

«Бұл тәсілдің поштасы расталмаған» деген нақтылау болса, Google немесе Apple-де мекенжай расталмаған, сондықтан Tungo оған сене алмайды: поштадағы кодпен кіріңіз. Нақтылау болмаса, себеп анықталмаған: код жазылған хат жіберілмеді, жаңа тіркелу уақытша жабық немесе іркіліс болды. Қайталау түймесін басыңыз, көмектеспесе, 10–15 минуттан кейін тағы көріңіз. Хабар одан ұзақ тұрса, себеп Tungo жағында, оны қазір өзіңіз түзете алмайсыз.

«Бұл пошта мекенжайы жарамайды — тұрақтысын көрсетіңіз»

Мекенжай бір реттік пошта жәшіктері сервистеріне жатады. Tungo оларды қабылдамайды: мұндай мекенжайға кейін код та, чек те келмейді. Поштаны өзгерту түймесін басып, үнемі қолданатын кәдімгі жәшікті көрсетіңіз.

«Жаңа аккаунттар тым көп»

Бұл хабардағы «мекенжай» — пошта емес, сіздің желіңіз: кеңсе интернеті немесе ортақ Wi-Fi. Бір желіден бір тәулікте тым көп жаңа адам тіркелді. Ертең немесе басқа желіден, мысалы мобильді интернет арқылы тіркеліңіз. Аккаунты бар адамдарға бұл шектеудің қатысы жоқ.

«Бұл аккаунтқа кіру жабық»

Аккаунт Tungo жағында бұғатталған. Қазір мұны өзіңіз түзете алмайсыз: жаңа код та, басқа кіру тәсілі де бұғатты алмайды.

Шақыру қабылданбайды

«Шақыру енді жарамсыз»

Хаттағы сілтеме енді жұмыс істемейді: шақыру қайтарып алынды, 7 күннен кейін мерзімі өтті немесе ол қабылданып қойған. Қай себеп болғанын бет ажыратпайды. Алдымен кабинетке кіріңіз: шақыру қабылданған болса, ұйым тізімде тұрады. Ұйым жоқ болса, шақырған адамнан шақыруды қайта жіберуді сұраңыз.

«Шақыру басқа поштаға келген»

Шақыру жіберілген мекенжайға байланған, ал сіз қазір кабинетке басқа мекенжаймен кіріп тұрсыз. Басқа поштамен кіру түймесін басып, хат келген мекенжаймен кіріңіз. Сізге басқа мекенжай ыңғайлы болса, шақыруды соған жіберуді сұраңыз.

«Ұйым тарифінде орын қалмады»

Сіз хатты ашқанша командадағы төленген орындардың бәрі толып қалды. Ұйым иесінен немесе әкімшісінен орын қосуды сұраңыз, содан кейін хаттағы сілтемені тағы бір рет ашыңыз. Жаңа шақыру керек емес.

«Ұйымды Tungo әкімшісі бұғаттады»

Сіздің аккаунтыңыз емес, сізді шақырған ұйым бұғатталған. Шақыруды қазір қабылдау мүмкін емес, мұны өзіңіз түзете де алмайсыз. Сізді шақырған адамға хабарлаңыз: мәселені ұйым иесі шешеді.

«Шақыруды қабылдау мүмкін болмады»

«Tungo-мен байланыс жоқ» хабарында да солай. Сұрау жетпеді немесе өңделмеді, бірақ шақыру орнында. Интернетті тексеріп, Қайталау түймесін басыңыз.

Кабинет қайта кіруді сұрайды

«Сессия закончилась — войдите заново»

Кіруіңіздің күші жойылды: кабинетке көптен кірмедіңіз, барлық құрылғыдан шықтыңыз немесе ұйым кіру ережелерін өзгертті. Чаттар мен құжаттар орнында. Хабар астындағы «Қайталау» түймесі көмектеспейді. Браузерде бетті жаңартып, ашылған кіру экранында кіріңіз, сонда кабинет сізді сол бетке қайтарады.

«Аккаунт … жойылады»

Аккаунтты жою сұралған, сондықтан сіз барлық құрылғыда кабинеттен шығарылдыңыз. Жою керек болмаса, кіру бетінде көрсетілген күнге дейін кіріңіз, сонда ол тоқтатылады. Керек болса, кірмеңіз.

Әрі қарай